Комплаенс қызметі / Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Комплаенс-офицер: Ешенгельдиев Тырек Молболович

Комплаенс-офицер: Ешенгельдиев Тырек Молболович

Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» КММ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, ұйымдық - басқарушылық және негізгі қызметте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау мақсатында 2026 жылғы 11 қыркүйектен бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастайды.

Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді, оның нәтижелері бойынша талдау анықтамасы дайындалды.

Сонымен қатар, жүргізілген талдау шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдардың тізбесі жасалды, сондай-ақ Мекемедегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

Аталған құжаттар «ШҚО мемлекеттік архиві және оның филиалдары» ақпараттық сайтында орналастырылған.

Іс-шаралар жоспарын іске асыру және мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты тұлғалар тағайындалды (2026 жылғы 21 қазандағы № 123 бұйрық).

Бұдан бөлек, ақылы қызметтерді көрсету кезінде белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды күшейту мақсатында 2026 жылғы 21 қазандағы № 124 бұйрықпен ақылы қызметтерді ұйымдастыру мен көрстуге жауапты тұлғалар тағайындалды.

Жұмысқа қабылдау кезінде мүдделер қақтығысының туындауының алдын алу және оған жол бермеу мақсатында 2026 жылғы 22 қазандағы № 125 «Кадр қызметінің жұмысы туралы» бұйрық бекітілді.

Осылайша, Мекеме анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті ұйымдастырушылық және профилактикалық шараларды қабылдауда.